Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Непал президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Непал президенті Рам Чандра Паудельге және непалдықтарға елде болған жер сілкінісі салдарына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Непалдағы жер сілкінісінің салдарынан 157 адам қаза тапты.

"Непалдағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адам қаза тапқанын қатты қайғырып қабылдадық. Қазақстан халқының атынан және өз атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып, хабар - ошарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін", – делінген жеделхатта.

4 қарашада Непалда жер сілкінісі болды. Ел билігінің соңғы мәліметтері бойынша, бұл Непалдағы соңғы жылдардағы ең қуатты жер сілкінісі екен. Магнитудасы – 6,4.

Талқылау