Тоқаев Жапонияға сапары кезінде 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы Тоқаев Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды,
Тоқаев “Орталық Азия – Жапония” диалогының саммитінде бірінші болып сөз сөйледі. Ол Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға мән беру керегін айтты.
“Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз”, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент “Орталық Азия – Жапония” форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандыру керегін айтты.
“Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар”, – деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барып, Токио әуежайында Жапонияның сыртқы істер министрі қарсы алғанын жазған едік. Сапар барысында мемлекет басшысы император Нарухито мен премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесіп, "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатыспақ.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты