Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жаңа сайланған парламенттің бірінші сессиясын шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің жетінші шақырылымының бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

парламент

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Жетінші  шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлықта.

Еске салайық, 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. Оның нәтижесі бойынша  "Nur Otan" партиясы 76, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы 12, Қазақстанның халық партиясы 10 мандат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды. 

Талқылау