Тоқаев салық кодексіне өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексі және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қол қойылған заң жаңа Салық кодексі емес.
15 шілдеде Тоқаев "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды.
Қол қойылған құжатқа 2017 жылдан бастап қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер келесідей мақсаттарды көздейді:
•жекелеген нормаларды өзекті ету
•қайталанатын немесе ескірген ережелерді алып тастау,
•нақты бағытталған салықтық шараларды енгізу.
Еске салайық, бұған дейін сенат 23 маусымда жаңа Салық кодексін талқылап,қосымша құн салығын тіркеу шегін 20 мыңнан 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін төмендетуді ұсынды. Бұл шешім салықтан жалтарумен күрес және шағын бизнесті қорғау мақсатында қабылданды.