Тоқаев Зеленскийді тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Украинаның егемендік алғанына биыл 31 жыл толды. Елдің тәуелсіздігі 1992 жылдың 24 тамызынан бері тойланып келеді. Бұл атаулы күнді Украинаның қалыптасу кезеңінің бастамасы деп те атайды.
Талқылау