Тоқаев Ұлттық қорғаныс университетінің басшысын ауыстырды
Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ұлттық қорғаныс университетінің баспасөз қызметі
Президент Ұлттық қорғаныс университетінің бастығын қызметінен босатып, орнына жаңа басшы тағайындады. Тиісті құжат ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Мұстабеков жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ұлттық қорғаныс университеті бастығының оқу ісі жөніндегі бірінші орынбасары, оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Философия ғылымдарының докторы (PHD). генерал-майор.
Сондай-ақ ақорда сайтында Лұт Сапуұлы Әлшекеновтың Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметінен босатылғаны жөнінде өкімі жарияланды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн