Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ұлттық қорды басқару үшін құрған кеңесті басқарды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев президенттің жанындағы ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құруды тапсырған еді.

Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің құрамы:

  • Президент, төраға;
  • Премьер-министр;
  • Сенат төрағасы;
  • Мәжіліс төрағасы;
  • Президент әкімшілігінің басшысы;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
  • Жоғары есеп палатасының төрағасы;
  • Қаржы министрі;
  • Ұлттық экономика министрі.

"Кеңестің негізгі міндеттері – ұлттық қордың қаражатын пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша президентке көмек көрсету және ұсынымдар әзірлеу. Кеңес Бюджет кодекстің 63-бабына сәйкес қор қаражатын пайдалану мәселелерін қарайды", – делінген құжатта.

Кеңес өз міндеттерін орындау үшін:

1) қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;

2) қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттің көлемі бойынша ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

3) баламалы қаржыландыру көздері болмаған жағдайда аса маңызды объектілерді және республикалық маңызы бар жобаларды қаржыландыруға президенттің шешімімен қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемдері мен бағыттары бойынша ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

4) жобалар сараптамасының нәтижелерін ескере отырып, ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы қор қаражаты есебінен республикалық маңызы бар жобаларды қаржыландыру бойынша ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

5) қорға орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен мәмілелердің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

8) БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

9) БЖЗҚ қызметі туралы жылдық есепті қарау.

Тоқаевтың өзі:

1) кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) кеңес отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;

3) кеңес отырыстарына төрағалық етеді. Төраға болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;

4) кеңес мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.

Кеңес мүшелері:

1) Кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;

2) Кеңес отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;

3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 17:32
Талқылау
`