AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерлеріне жүгінді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін адалдық пен кәсібиліктің үлгісі болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев ҰҚК-нің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында мемлекет азаматтық қоғамды дәйекті түрде дамытып, демократиялық принциптерді қорғайтынын айтты.

Оның айтуынша, дамудың жаңа кезеңінде басты бағдар – әділдік пен заңның үстемдігі. Ол мамыр айында оның қызметін түбегейлі өзгертуге және ұлттық қауіпсіздік жүйесін басқару сапасын арттыруға бағытталған ҰҚК-ні реформалау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.



“Өзгерістердің бәрін табысты жүзеге асыру үшін бізге кез келген қауіпке тиімді қарсы тұра алатын заманауи арнаулы қызмет керек. Ұлттық қауіпсіздік органдары ұлттық мүдделерді қорғауда және күшейіп келе жатқан заманауи сын-қатерлерге қарсы күресте алдыңғы шепте болады. Сондықтан аналитикалық және ақпараттық барлау жұмыстарына баса мән бере отырып, проблемаларды бастапқы сатысында жою қажет. Қазақстан жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізеді. Сондықтан еліміздің одақтасы және стратегиялық серіктесі саналатын мемлекеттермен арадағы табысты ынтымақтастықты арнаулы қызметтер саласы бойынша дамыту өте маңызды. Қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру кезінде азаматтар құқығының тапталуына және елімізде іскерлік климаттың бұзылуына жол беруге мүлде болмайды”, – дейді мемлекет басшысы.

Президент күшейіп келе жатқан геосаяси шиеленіс, бұрын-соңды болмаған санкциялық текетірес, гибридті қақтығыстардың таралуы ұлттық қауіпсіздікке жаңа сын-қатерлер қаупін төндіреді деп санайды.

"Алдымызда мемлекеттік және қоғамдық институттардың орнықты әрі тиімді жұмыс істеуін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Қаңтардағы қасіретті күндерде Комитеттің бірқатар басшыларының намыссыздығы мен сатқындығына қарамастан, көптеген офицерлеріміз өз анттарына адал болып, батыл әрекет етті, нағыз ерлік көрсетті. Өзге елдерде жуырда болған ауқымды қақтығыстар тұрақтылық болмай, орнықты даму мүмкін емес екенін тағы да бір көрсетіп берді. Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы. Арнаулы қызметтер жұмысының табысты болуы мемлекеттердің ішкі саяси тұрақтылығына ғана емес, сондай-ақ олардың орнықты экономикалық дамуына айтарлықтай дәрежеде байланысты", - деді Тоқаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр