Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ұлттық экономика және мәдениет және спорт министрлерін тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен экономика министрі Әлібек Қуантыров пен мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өз орындарында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына, Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген бұйрықта. 

Әлібек Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Атырау қаласында туған.

  • 2005 - 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін "Қаржы және кредит" және "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация" мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
  • 2008 - 2010 жылдары Мичиган университетін "Қолданбалы экономика магистрі" дәрежесімен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тәмамдаған.
  • Президент жастар кадр резервінің мүшесі.
  • Қазақ, ағылшын, испан, неміс және орыс тілдерін жетік меңгерген.
  • 2021 ж. ақпан айынан 2022 ж. қаңтар айына дейін Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында жұмыс атқарған.
  • 2022 ж. 11 қаңтарда Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. 

  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. 
  • Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 
  • 2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
  • 2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.
  • 2021 - 2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2022 - 2023 ж.ж. - AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
  • 2023 жылдың 4 қаңтарында Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.
Талқылау