Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық банктің штат санын қысқарту туралы бұйрыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің штат санын өзгертуді көздейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұлттық банк

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Президенттің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай түзету енгізді:

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда, жалпы штат саны 2 161 бірлік мөлшерінде бекітілсін", - делінген құжатта.

Бұрын Ұлттық банктің штаттық құрамы, оның ішінде орталық аппарат, оның филиалдары және өкілдігінде 2 587 адам болған.

Талқылау