Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ұлытау облысындағы кеніштегі апатқа байланысты үкіметке қатаң тапсырма берді

Президент Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты үкіметке еңбек қауіпсіздігі бойынша қатаң тапсырма берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: akorda.kz

Ақорданың мәліметінше, бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен.

Компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.



Президент қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үкіметке бірнеше тапсырма берді:

- Нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуына қатысты тексеру жүргізу;

- Аталған нысандарға заманауи қауіпсіздік жүйесін, соның ішінде газ белгі беру құрылғыларын, сейсмикалық қондырғыларын, позиционирлеу жүйесін және тағы басқа тиісті әдіс-тәсілдерді әзірлеу мен енгізу;

- Болжау мен құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, нысандарды цифрландыру;

- Тексеру қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізіп, заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне салынатын инвестиция көлемін ұлғайту жолын қарастыру;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдату.

Президенттің бұл тапсырмаларын президент әкімшілігі ерекше бақылауда ұстамақ.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысындағы “Қазақмыс” корпорациясына тиесілі кеніште апат болып, 7 кенші қаза тапқаны туралы жазған едік.

Талқылау