Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ҰҚШҰ сессиясына қатысу үшін Беларусь астанасына барды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ сессиясына қатысу үшін Минскіге келді. Беларусьте мемлекет басшысын құрметті қарауыл сапымен қарсы алған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Токаев Минск

23 қарашада Тоқаев Минскіде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысатыны белгілі.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері кіреді.



Бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік әлеуеті өзінің тиімділігін 2022 жылдың қаңтарында Қазақстандағы дағдарысты жағдайды жеңілдету кезінде дәлелдеді" деп мәлімдеген еді.

Талқылау