Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев теңге бағамын тұрақтандыруды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев теңгенi тұрақтандыру бойынша жасалатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі уақытта теңгенің бағамын тұрақтандыру - өте маңызды. Осы мақсатта Ұлттық Банкке, Үкіметке және квазимемлекеттік компаниялардың басшылығына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық кірістерінің бір бөлігін елдің валюта нарығында міндетті сатуын қамтамасыз етуді тапсырамын.

Сондай-ақ, қолданыстағы міндеттемелерді ескере отырып, квазимемлекеттік компаниялардың Қазақстанның қаржы жүйесіндегі шетел валютасындағы салымдарын кезең-кезеңімен қайтару кестесін құруды тапсырып отырмын.

Ұлттық компаниялар былтырғы жылдың дивидентін мемлекетке таза кірістің 100 пайызына дейін төлеуі керек деп санаймын", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Ұлттық банк шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгіледі.

Талқылау