Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай тойланатынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын қалай тойланатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек", - деді президент.
Тоқаев мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейтінін атап өтті.
"Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм рухын дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттілігіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет", - деді Қасым-Жомар Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзінше, басты мақсат – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру.
"Мемлекеттік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс", - деді ол
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”