Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев стадион үйіндісінің астынан көк байрақты алып шыққан азаматтарға алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құлап кеткен стадион үйіндісінің астынан туды алып шыққан шымкенттіктерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғаны елдің есінде. Сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шықты. 

Шынайы отаншылдық осындай әрекеттен көрінеді. Құр сөзден түк шықпайды. Алаңдарға шығып, жалған ұран тастап жүргендердің, меніңше, нағыз отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ”, – деді Тоқаев.  

Сонымен қатар олардың бұл әрекеті көпшілікке үлгі екенін сөз етті. 

“Қастерлі туымызды жерге түсірмей алып шыққан бірнеше жігіт бүгін ортамызда отыр. Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі етуіміз керек.  

Осыған орай, мен Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға Алғысымды жариялаймын", – деді мемлекет басшысы.

Талқылау