Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Қытай Халық республикасына барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.
“31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" жиынына қатысады. 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – Қытай Халық республикасы Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 3 қыркүйек күні Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген