Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан президенті жеделхатта Қытай басшысының жеңісі лайықты да сенімді болғанын атап өтті.
"Сенімді жеңіс болды. Отандастарыңыздың қолдауы Қытайдың саяси және экономикалық негіздерін нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және еліңіздің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызды дәлелі. Сіздің басшылығыңызбен еліңіздің бұдан да биік белестерді бағындыруын шын жүректен тілеймін", - делінген жеделхатта.
Еске салсақ, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 20-шы отырысы Си Цзиньпинді Орталық Комитеттің Бас хатшысы етіп үшінші мерзімге қайта сайланған болатын.
Талқылау

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды

Бір бөтелкеге 27 мың теңге төлеген: Қазақстандық Duty Free-ден алынған тауарды қолжүгіне қосып есептеген FlyArystan компаниясына шағымданды
Қазақстандық Кутаиси-Алматы бағытындағы рейсте болған жағдайды баяндады