Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
"Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.
Си Цзиньпин Тибеттегі жер сілкінісінен құрбан болғандарды мүмкіндігінше құтқаруға шақырды
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Тибет аймағында болған жер сілкінісінен кемінде 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам жарақат алғанын жаздық. Мәліметтерге сенсек, бастапқыда Қытайдың Орталық телеарнасы 9 адам қаза тапқанын хабарлады. Табиғи апат көптеген ғимараттардың қирауына әкелді. Құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, апат аймағында халықты эвакуациялау жұмыстары басталды. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 09:05-те (Астана уақытымен 06:05-те) тіркелді. АҚШ-тың Геологиялық қызметі магнитуданы 7,1 балл деп бағалаған, ал Қытайдың сейсмикалық орталығы магнитуданы 6,8 балл деп көрсетті.