Тоқаев ШҚО-ға қысқамерзімді демалысқа кетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады", – деп жазды Берік Уәли.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”