Тоқаев Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарын ашу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде қазақстандық жоғарғы оқу орындарын, ал елімізде ресейлік университеттерді ашу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, - делінген ақпаратта.
Осылайша Қазақстан Ресейде, ал ресейліктер елімізде өз университеттерін аша алады.
Талқылау