Тоқаев Ресей премьер-министрімен кездесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин және Еуразия үкіметаралық кеңесіне келген делегация басшысымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу шамамен үш сағатқа созылады деп күтіледі. Ал бұдан кейін кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей үкіметінің басшылары Еуразия экономикалық одақ аясында интеграцияны дамыту жолдарын талқылайды. Соның ішінде кедендік реттеу, тауарды бақылау механизмі мен Еуразия экономикалық одағындағы макроэкономикалық жағдайға баса назар аударылмақ.
Жиында өнеркәсіп саласы мен азаматтық әуеқұрылысы салаларын да қарастырады.
Еуразия үкіметаралық кеңесі отырыс нәтижесінде экономикалық интеграцияны әрі қарай дамыту бойынша келісімге қол қою көзделген.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн