AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Путиннің өзі "жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз" деді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастар туралы айтып, жер мәселесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Ресей мен Қазақстан өзара дос екі мемлекет екенін және қашан да бір-біріне көмектесетінін алға тартты. Оған қоса қаңтар қақтығысы кезінде бізге қол ұшын беруі қалыпты нәрсе екенін жеткізді.

"Осындай жағдайда оның бізге көмекке келуі айтпаса да түсінікті. Мұны құтқару емес, ортақ мүддемізді қорғау үшін жасалған іс-әрекет деп түсінуге болады. Бұл – бір. Екіншіден, аталған мәселеге геосаяси ахуал тұрғысынан да қарау керек. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – бәрімізге ортақ құрылым. Ресей және Ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстанның ғана емес, өздерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол үшін көмек қолын созды", – деді Тоқаев Qazaqstan арнасына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы ел арасында жүрген “Мәскеу Қазақстанның солтүстік аймағын өзіне өткізіп алуы мүмкін” деген ақпаратты түсіндірді. Президент бұл ақылға сыймайтын орынсыз пікір екенін алға тартты. 

"Бірінші сұрағыңызға қатысты айтар болсам, Қазақстан мен Ресей арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар. Ресей – ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі. Қазақтың тағдырына осылай жазылған. Мұны біз өзгерте алмаймыз. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді”,  – дейді ол. 

Сонымен қатар, Тоқаев жер мәселесінің бұрыннан шешіліп қойғанын мәлімдеді

“Екінші мәселе. Иә, расында да, кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан "Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі" деген сөздер айтылды. Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған В. Путиннің өзі "жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз" деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген. Ресей Президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсетті", – деді Тоқаев сұхбатта. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр