Тоқаев Путинді Қазақстан-Ресей шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады
Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Reuters.com
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған. Осы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуына орай Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.
"Ортақ әңгімелері бар шығар": Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуі туралы айтты
“Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды”, – делінген жеделхатта.
Еске салсақ, бұған дейін Путин Тоқаевты 2025 жылы Мәскеуде өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге шақырғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген