AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев проваслав дініндегі қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев проваслав дініндегі қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ақорда сайтында жазылды.

пасха 2022

Мемлекет басшысы бұл күннің діндарлар үшін ерекше қуанышты күн екенін атап өткен.

"Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді.



Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, үйлесім тапқан пасха дәстүрлері барлық этнос және діни наным өкілдерін бауырластыра түседі. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.

Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін!

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!", - делінген сайтта.

Пасха мерекесі қарсаңында барлық шіркеулерде түні бойы діни шеруле өткен.
Пасха – тәттілермен бөлісетін күн. Оразадан кейін бұл күні дастарханға түрлі дәмді тағамдар қойылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр