Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пойыз апатына байланысты Үндістан премьер-министріне көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы теміржол апатынан қаза тапқандарға байланысты Үндістан халқына көңіл айтты.

"Одиша штатындағы Баласорадағы көптеген адам шығынына әкелген теміржол апаты туралы қайғылы жаңалық көңілге қаяу түсірді. Қазақстан халқының атынан және өз атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осы қайғылы сағатта Үндістан халқымен ынтымақтастығымызды растаймыз", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге салсақ, Үндістанда жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтығысып, сегіз вагон рельстен шығып кеткені хабарланды. Қазіргі таңда 207 адамның қаза тапқаны белгілі, бірақ жолаушылар әлі де іздестірілуде.

Талқылау