Басты жаңалықтар
Тоқаев пойыз апатына байланысты Үндістан премьер-министріне көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы теміржол апатынан қаза тапқандарға байланысты Үндістан халқына көңіл айтты.
"Одиша штатындағы Баласорадағы көптеген адам шығынына әкелген теміржол апаты туралы қайғылы жаңалық көңілге қаяу түсірді. Қазақстан халқының атынан және өз атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осы қайғылы сағатта Үндістан халқымен ынтымақтастығымызды растаймыз", – делінген жеделхатта.
Естеріңізге салсақ, Үндістанда жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтығысып, сегіз вагон рельстен шығып кеткені хабарланды. Қазіргі таңда 207 адамның қаза тапқаны белгілі, бірақ жолаушылар әлі де іздестірілуде.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған