Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен үш ел президенті Қырғызстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

Ақорданың сайтында Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттерінің Қырғызстандағы оқиғалар туралы бірлескен мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бауырлас Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар бізді қатты алаңдатады. Біз ғасырлар бойғы достық, тату көршілік, ортақ мәдени және рухани құндылықтар байланыстыратын жақын көршілер ретінде осы қиын күндері Қырғызстан халқын бейбітшілікті сақтау және елдегі тұрақтылықты қалпына келтіру үшін өзінің даналығын көрсетуге шақырамыз.

Біз Қырғызстанның барлық саяси партиялары мен қоғамдық топтары Конституция мен ұлттық заңнаманы сақтай отырып, туындаған мәселелерді шешу үшін бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін қажетті күш-жігерін салады деп сенеміз.

Қырғызстанның өркендеуі аймақтық қауіпсіздік пен бүкіл Орталық Азияның тұрақты дамуының маңызды факторы.

Біздің еліміздің бір тарихы бар және ортақ болашақты құруда. Орталық Азия халықтарын тарихи бейбітшілікке, келісімге және болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасампаздыққа ұмтылыс біріктіреді.

Ортақ мақсаттарды бөлісе отырып, біздің мемлекеттеріміз сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды, шекара және аймақаралық өзара іс-қимылды кеңейту үшін аймақтық ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтады.

Орталықазиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолымен бара отырып, біз Қырғызстан халқын бірлікке, бейбітшілікке, тәуелсіз дамуға және өркендеуге ұмтылысында әрқашан қолдаймыз», - делінген хабарламада.

STAN.KZ
Жұма, 09 Қазан, 2020 16:17
Талқылау