Тоқаев пен Мирзиеев коронавируспен бірігіп күресу туралы шешім қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Екі ел президенттері осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпаратпен алмасты.
Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты.
Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді