Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Парламентте оппозиция болғаны дұрыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент саясаттындағы аз тап өкілдерінің құқығын заң бойынша бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

"Біздің мемлекетімізге парламенттік оппозияция институты қажет. Елімізде өз ойын ашық білдіріп жүрген белсенділер баршылық. Біз қоғамның ойын ескеруіміз шарт. Осыған байланысты Парламенттегі саясаттағы аз тап өкілдерінің құқығын заң бойынша бекітуіміз керек. Мысалы, басқа партиялардың өкілдері Парламент комитетінің төралқасы бола алады. Сол себепті Парламент екі қарсы жақ тараптың пікірін ескеріп, басқаруы дұрыс. Сондықтан тиісті түзетулер енгізу керек", -  деді мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Бұған қоса мемлекет басшысы республикадағы саяси партиялар құрылуы кезінде біраз қиындықтарды өткеретіндіктерін қосты.  

"Қазір саяси партияларды тіркеу кезінде 40 мың партия мүшесі болуы шарт. Әрине, бұл кезіндегі міндет еді. Қазір еліміздің тұрғындарының өтініші мен пікірлеріне орай біз заңға өзгерту енгізуіміз керек. Біздің мемлекеттің қоғамы жаңа әрі сапалы саяси партиялар дәурінің сатысына аттауы қажет. Сондықтан партия мүшелерінің санын 20 мыңға дейін қысқартамын. Бұл маңызды бетбұрыс. Біз бірте-бірте партия және сайлау туралы заңдарға түзету енгізіп тұрғанымыз дұрыс", - деп қосты Тоқаев. 

Атап кетерлік жайт, қазіргі кезде мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысына қатысуда. Жиналыста Тоқаев көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы жайлы сөз қозғап, митингілер өткізуге рұқсат берді. Бұған қоса ол өлім жазасынан бас тарту туралы ұсыныс білдірді.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр