Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев органикалық өнім өндірісі туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған.


"Өңірлік қауіпсіздікті нығайту қажет": Тоқаев Тасмағамбетовке тапсырма берді


Заңға бірқатар жаңа ереже енгізілген: 

  • заңда органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралған;
  • органикалық өнім өндірушілердің аясы кеңейтілген. Яғни, олардың қатарына жеке және заңды тұлғалардан бөлек, органикалық өнім өндірумен айналысатын бірлестіктерді (жай серіктестіктерді) жатқызуға болады;
  • заңда органикалық өнім өндіруге көшу шарттары қарастырылған және оның өндірісіне, таңбалануына және айналымына қатысты талаптар бекітілген;
  • органикалық өнім өндірісі саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өндірілген өнімнің сапасы үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) құру және оның жұмысы жөніндегі ережелер қамтылған. 

Еске салсақ, бұған дейін "масс-медиа туралы" заңның Тоқаевтың қол қоюына жіберілгені туралы жазған едік. 

Талқылау