Тоқаев опера әншісі Әйгерім Алтынбекті тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: instagram.com/aigerim_altynbek
Қасым-Жомарт Тоқаев опера әншісі Әйгерім Алтынбекті тарихи жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.
“Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін”, – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек CLIP 2025 атты XI халықаралық опера байқауында жеңіске жетті. Ол бірінші орынды иеленіп қана қоймай, көрермендер көзайымы жүлдесіне, "Үздік әйел дауысы" марапатына және музыка сыншысы, көркемдік жетекші әрі педагог Карло Майердің арнайы сыйлығына ие болды.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
