Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев оқу-жаттығулары үшін Алматы облысына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында мәлім етті. 

"Президент -  Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", - дейді Берік Уәли. 

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қатаң шектеу шараларын енгізбеуіміз керек екенін айтқан. Сонымен қатар, мемлекет башысы шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Қазан, 2020 11:39
Талқылау