Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне тығыз салынған биік үйлердің құрылысын тоқтатуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде президент баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды", – деп жазды ол.
Еске салайық, мегаполистердің тұрғындары халықтың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына – мектептерге, ауруханаларға, саябақтарға деген қажеттіліктерін ескермей, оларды қарқынды түрде тұрғызуға көп жағдайда қарсылық білдіріп жатады.
Талқылау
Пікір