Тоқаев неліктен ресейлік вакцина салдырды: Денсаулық сақтау министрі жауап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік препаратты егуді шешті? Осы сұраққа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Спутник V" - Қазақстанда жасалған вакцина. Иә, субстанция Ресейде өндірілген, бірақ ол Қазақстанда дайындалды. Барлық жерде, буып-түю материалдары мен зауыттың өзінде бұл вакцина Қазақстанда жасалды деп жазылған", - деді Алексей Цой "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.
Министрдің өзі Қазақстанда өндірілген QazCovid-In вакцинасын шығаруды күтуде
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды фармацевтикалық зауыты өндірген "Спутник V" вакцинасына егілгені белгілі болды. Президенттің баспасөз қызметі атап өткендей, ел басшысының ахуалы жақсы және ешқандай жағымсыз әсерін көрген жоқ.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өндірілген коронавирусқа қарсы "Спутник-V" вакцинасын салдырғанын жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”