AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Назарбаев туралы заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық заңдарға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев пен Тоқаев

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген жарлықта.

19 қаңтарда мәжіліс депутаттары 2020 жылы қабылданған “Ұлт көшбасшысы туралы заңға” түзетулер енгізді. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырылды. Алайда заңның басқа тармақтары өзгертілмеді, яғни елдің Тұңғыш президенті мен оның отбасы мүшелеріне қол тигізбеу құқығы әлі де сақталады. 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев парламент пен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеуге құқылы. 

Сонымен қатар Елбасы Конституциялық кеңес құрамына кіре алады.

Тиісті өзгерістер "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы" туралы Конституциялық заңға енгізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр