Тоқаев мұнай-газ химиясы саласында ірі жобаларды іске асыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Тоқаев мұнай-газ химиясы саласында ірі жобаларды іске асыру керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің сөзінше, елімізде мұнай-газ химиясы өз алдына жеке сала болып қалыптасқан жоқ.
“Қажетті жағдай болса да, осы кезге дейін елімізде мұнай-газ химиясы өз алдына жеке сала болып қалыптасқан жоқ. Менің тапсырмаммен полиэтилен, бутадиен, карбамид және басқа да өнімдер шығарып, осы саланы жаңа деңгейге көтеретін бірқатар жобалар іске қосылды. Үкімет бұл жобаларды уақтылы аяқтауға тиіс. Осындай мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобаларды іске асыру арқылы еліміздің негізгі химия өнімдеріне (полиэтилен, полипропилен) деген сұранысын өтейміз”, – деді президент.
Маңғыстауда мұнай-газ саласында лауазымды тұлғалар миллиондаған қаржы жымқырды
Сонымен қатар, Тоқаев өзімізде шығарылатын полимерді барынша өңдеу ісі жолға қойылмағанын айтты.
“Бұл материалдан автобөлшектер, тамшылап суаруға қажетті құралдар, медициналық жабдықтар, ыдыс-аяқ және басқа да көптеген өнім шығаруға болады. Бұл орайда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету керек. Соның ішінде лизингпен құрал-жабдық, жеңілдікпен несие беру қажет. Бұл қадам азық-түліктен өзге өнімдердің бағасын төмендетуге зор мүмкіндік береді”, – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан инвесторлармен 17 мұнай-газ келісімшартын бұзғаны туралы жазған едік.
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді