AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мирзиеевті Өзбекстан президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпы халықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің бауырлас екі халық арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің мол әлеуетін толық жүзеге асыру және Орталық Азиядағы өзара сенімді нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды белсенді жалғастыруға дайын екенін нақтылады.

Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр