Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты: Жоғары әскери оқу орындарының үздік түлегіне офицерлік шен берді

Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысып, салтанатты рәсімде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты.

“Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет. Әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы "Ердің туы – намыс" деген. Өздеріңіз сияқты отаншыл әрі намысты ұландары бар Қазақстанның келешегі жарқын екені анық. Баршаңыз антқа адал болып, ел шебін қырағы қорғайсыздар деп сенемін. Әскери шен алу – әр сарбаздың өміріндегі маңызды белес. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов "Атақты алғаннан гөрі, оны арқалап жүрген қиын" деген. Әйгілі қолбасшының бұл сөзі сіздерге зор жауапкершілік жүктейді. Қазақ сарбазы деген атқа әрқашан лайық болыңыздар”, – деді мемлекет басшысы.

Шара соңында мемлекеттік күзет қызметінің, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Ту көтеру рәсіміне парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, президент әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, үкімет мүшелері, парламент депутаттары, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

  • ҚМ С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер әскери институты:

      1. Асылбеков Иманжүсіп Асылбекұлы;
      2. Алпысбаев Бауыржан Ақылжанұлы;

  • ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:

      3. Дайырбай Бекжан Мұратұлы;
      4. Омаров Диас Бейсенгелдіұлы;

  • ҰҚК Шекара қызметі академиясы:

      5. Төтен Ернұр Жанатұлы;

  • ҰҚК Академиясы:

      6. Жұмабек Нұрахмет Шаяхметұлы;

  • ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы:

      7. Жанатбай Санжар Жандарұлы;
      8. Сорокина Александра Максимовна;

  • Ұлттық ұлан академиясы:

      9. Ағыбаев Тимур Бауыржанұлы;
      10. Жеңіс Жалғас Төлегенұлы;

  • ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:

      11. Жігербаев Ернар Азаматұлы;
      12. Еркенов Диас Серікұлы.

Талқылау