Тоқаев: Мемлекет банкирлерге көмектеспеу керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Стресстік активтердің деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстың маңызы зор. Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деген шешім қабылдадық. Сонымен қатар тоқтатылған активтерді экономикалық айналымға қайтару қажет. Бірақ тек нарықтық негізде. Бұған қатысты үкімет қаржылық реттеу агенттігімен бірге заң жобасын жыл соңына дейін парламентке ұсынуы тиіс", – деді мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында.
Тоқаев банктерге тегін қолдау көрсетілмейтінін айтты.
"Банк жүйесі – қаржы нарығының ең маңызды бөлігі. Мемлекет, бизнес өкілдері мен қарапайым салымшылар банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мүдделі. Сондықтан банктерге ақысыз қолдау көрсетілмейді. Бұл ұлттық экономиканы ынталандырудың бір әдісі", – деді мемлекет басшысы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”