Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Қазақ тілі - үш тілдің бірі емес, ол - бастысы, негізгісі, маңыздысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан тамыз конференциясында мектеп оқушыларының ағылшын тілін ата-аналарының келісімімен 5-сыныптан бастап оқығаны тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Тоқаев мектептерде ағылшын тілін оқытуға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Нұр-Сұлтандағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығы

Өз сөзінде Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетімізде қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайтынын айтқанын атап өтті. Ол – бірінші, негізгі, басты тіл және солай болып қалады, дейді. 

«Бұл өте дұрыс пікір. Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-нші, 3-інші сыныптан немесе ата-аналардың келісімімен 5-сыныптан бастауға болады. Мұны орынды әрі тиімді деп санаймын», - дейді Тоқаев. 

Сонымен қатар президент жоғары сыныптарда жаратылыстану, техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарай жүргізу қажет екенін айтты. 


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау