Тоқаев Мединадағы Мұхаммед Пайғамбар жерленген жерге барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның жұмыс сапары Мединадағы Мұхаммед Пайғамбардың әл-Масжид әл-Набауи мешітіне барудан басталды.
Мұнда Мемлекет басшысы Мұхаммед Пайғамбардың қабіріне зиярат жасады.
Қазақстан көшбасшысына ерекше құрмет белгісі ретінде пайғамбар жерленген жерге оны кіргізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Джиддада өтетін "Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесі" мемлекет басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына жұмыс сапары жоспарланғаны хабарланған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн