Тоқаев ресейлік мұнай магнаты Алекперовты орденмен марапаттады
Фото: Ақорда
"Лукойл" компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады. Сондай-ақ "Лукойл" компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды”, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев "Лукойл" компаниясының Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуымен құттықтаған еді.
"Лукойл" – елімізде табысты жұмыс істеп жатқан беделді компанияның бірі. 1995 жылы Қазақстанға алғаш қадам басқан компанияның еліміздегі абырой-беделі зор деп айтуға толық негіз бар. Бұл – табанды еңбек пен терең жауапкершіліктің арқасы екені сөзсіз. Бұдан бөлек, "Лукойл" компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестікті нығайта түсуге мол үлес қосып жатыр. Кәсіпорын елдеріміздің экономикалық әлеуетін нығайтып, ырысты ынтымағымызды арттыруда. Тарихқа үңілсек, "Лукойл" компаниясының қазақ жеріндегі қызметі "Құмкөл" жобасынан бастау алды. Кәсіпорын жемісті жұмыс істеп, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде орасан зор табысқа қол жеткізді. Атап айтқанда, "Лукойл" Қазақстанның мұнай-газ саласына 12 миллиард доллардан астам қаржы салды, 94 миллион тонна мұнай және 60 миллиард текше метр газ өндірді. Компания 300 миллион долларға жуық қаржыны әлеуметтік жобалар мен қайырымдылыққа жұмсаған”, – деді vемлекет басшысы.

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
