Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев күрестен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларды құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Мемлекет басшысы спортшыларымызды құттықтап, алда жаңа спорт шыңдары күтіп тұрғанына сенім білдірді.

"Сіздер нағыз жауынгерлік рухты көрсетіп, ел намысын лайықты қорғадыңыздар. Турнир бойы көрсеткен қажырлы еңбектеріңіз, жоғары шеберліктеріңіз, жеңіске деген жігерлеріңіз барша қазақстандықтар үшін үлкен сыйлық. Бұл өскелең ұрпақты спортпен айналысуға жігерлендіреді. Ұлттық күрес мектебін дамытуға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Балуандарымыздың ең беделді спорттық жарыстардағы тамаша нәтижелері соның жарқын дәлелі", - делінген президенттің құттықтауында.

Сәуірдің 9-ы мен 14-і аралығында өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатына 22 елден 331 спортшы қатысты.

Соның ішінде еркін күрестен алтын медал – Досжан Санжар (70 келі), Есенғали Дархан (74 келі), Сақаев Болат (79 келі), Дәулетбеков Азамат (86 келі) алса, күмісті – Айтмұхан Ризабек (92 келі), Батырмырзаев Юсуп (125 келі), қоланы – Қалжан Рахат (57 келі) иеленді.

Әйелдер күресінен алтынды – Бақбергенова Жәмиля (72 келі), Сыздықова Эльмира (76 келі);
қола – Седнева Марина (55 келі), Раймова Нилуфар (57 келі), Шалыгина Елена (68 келі) иеленді.

Ал грек-рим күресінен алтынты – Ибрагим Магомедов (72 келі), күмісті – Кален Диас (82 келі), Тұрсынов Нұрсұлтан (87 келі), қоланы – Бекболатов Аманғали (55 кг), Мамурбек Мұхамедәлі (63 кг), Кебіспаев Алмат (67 кг), Сырлыбай Олжас (97 кг), Сыздықов Әлімхан (130 кг) қанжығаларына байлады.

Талқылау