Тоқаев Кремльге жетті

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльге барып, оны Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі ел президенттерінің видеосын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Қол алысқаннан кейін мемлекет басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға бет алды", – делінген ресми хабарламада.
Кремль 29 елдің көшбасшысы шараға қатысатынын растады.
Қазақстан жоғары деңгейде ұсынылған. Мінберде президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырады, ал шеруге генерал Панфилов атындағы 37-десанттық-шабуылдаушы бригадасының парадтық бөлімі қатысып жатыр.
Бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"