Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүргендерге ескерткіш орнатуды ұсынды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус күресіп, өздерінің өмірін қатерге тігіп жүргендерге ескерткіш орнату туралы ой қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Менің ойымша, елімізде коронавирусқа қарсы шайқаста алдыңғы шепте жүрген полиция, медицина қызметкерлері, әскерилер мен еріктілер жеке монументке лайық адамдар", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы келешектегі қиын-қыстау кезеңдерге еліміздің сақ болуына жағдай жасау керектігін айтты.
"Мемлекеттегі ахуал біткен соң, біз денсаулық сақтау жүйесіндегі барша сұрақтар бір қарап шығуымыз жөн. Себебі біз болашақта не боларын болжап біле алмаймыз", - деп қосты ол.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”