Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады

Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев пен Ермекбаев

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 

Қазақстан президентіне қарулы күштерді қалыптастыру және дамыту, қорғаныс саласының шығындарын оңтайландыру жұмыстары туралы баяндалды.

Министрдің айтуынша, жүргізілген талдау жұмыстары мен штабтық-ұйымдастыру шаралары биыл 10 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияны заманауи қару-жарақпен жабдықтау, әскери техникаларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жоспары, сондай-ақ, электронды әскери комиссариат жобасын енгізу үдерісі туралы айтты.

Кездесуде Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою және оқ-дәрі сақтау инфрақұрылымын жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстарға баса мән берілді.  

Мемлекет басшысы қорғаныс министріне халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, армияны тиімді әрі бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтау, әскери білім беру ісінің және әскери дайындық үдерісінің сапасын арттыру, сонымен қатар, әскери парадқа дайындық барысы жөнінде бірқатар тапсырма берді.   

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан

Бойжеткеннің туыстары оның із-түссіз жоғалып кеткендігін айтқан

Ішімдік ішіп, қонақ үйге құсып тастаған: Қазақстандық төрт биатлоншы олқы қылықтары үшін ұлттық құрамадан шеттетілді

Ең зиянды әдеттер аталды

бұл қылықтар денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл лауазымға Дастан Рыспеков ие болды

"Бір жерге тегін жеткім келді": Павлодарда көліктегі әйелге шабуыл жасаған азамат құрықталды

Оқиғаға қатысы бар деп Ақсудың тұрғыны ұсталған

Bek Air ұшағының құлау сәті видеомен көрсетілді

Мамандар ұшақ апатын визуал

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда
Çàãðóçêà...