Тоқаев қорғаныс министрі мен ішкі істер министрін өз орындарында қалдырды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі және Марат Ахметжанов ішкі істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына және услан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың сайтында.
Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
I, II дәрежелі "Даңқ" орденімен, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің Орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 40 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы - генерал-лейтенант.
2022 жылдың қаңтар айынан бері ҚР Қорғаныс министрі.
Ахметжанов Марат Мұратұлы 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болды.
2022 жылғы 25 ақпаннан бері Ішкі істер министрі лауазымын атқарып келеді.
"Құрмет" (2008) және ІІ дәрежелі"Даңқ" (2014) ордендерімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медальдарымен, "Ресей флотына 300 жыл" естелік медалі және "Адмирал Кузнецов" медальдарымен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.