Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қордайдағы тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар жайлы: Олар - патриот емес, қылмыскерлер

Мемлекет басшысы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарға қатысты пікір білдірді. Тоқаев бұзақыларды жалған патриоттар деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Тоқаев

"Бірінші кезекте біреудің үйіне баса-көктеп кіріп, отбасының шырқын бұзып, "елім үшін" деп айқайлаған азаматтардың қылығы ақылға қонымсыз дүние екендігін ескерген жөн. Олар - заңды аттап, тәртіпсізідік орнатқан қылмыскерлер. Сол себепті ол азаматтар заң алдында, мемлекет алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс", - деді Тоқаев, 

Президент Birgemiz еріктілер кеңсесінің ашылу салтанатына келген жастарды нағыз патриоттар деп атады. Сөзінше, елге деген сүйіспеншілікті заң бұзып, "елім, жерім" деп құр босқа айқаймен көрсеткенше, халқын үшін еңбектеніп байқатқан абзал.  

Тоқаев еріктілердің елеулі еңбегін ескеріп, олардың тұлғалық қасиеттері мен рухани дамуын жоғары бағалады. 

"Еріктілік – бұл жан толғанысы. Еріктілер – өз еркімен келгендер. Бүгін Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісім бердім. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежем бар, алайда еріктілер қозғалысының құрметті елшісі мәртебесінің маңызы одан кем емес. Бұл мен үшін зор құрмет. Сондықтан біз бірге жұмыс істейміз", - деп қосты президент.

Қазіргі таңда Қазақстанда 16 мың ерікті ресми түрде тіркелген. Бірақ мемлекет басшысы бұл көрсеткіштің одан асатындығы айтты. 

Бұған дейін Қордайда ауыл тұрғындары қайта жиналғаны жайлы айтылған еді. 



 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Ақпан, 2020 11:44
Талқылау