Тоқаев: Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу керек
Президент өз жолдауында жаңа өзгерістерді жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу керек. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау қажет", – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Елде Ұлттық Құрылтай енгізуді ұсынған еді. Оның сөзінше, Құрылтай билік пен халық арасында көпір қызметін атқарады.
Талқылау
Пікір