Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабаралайды.
Фото: akorda.kz
Тоқаевты Бейжің әуежайында ҚХР өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды.
“Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар сапар барысында президент Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби ескерткішін салтанатты түрде ашпақ. Бұдан бөлек, Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланған.